Хорватия құрамасының қақпашысы «Ордабасыға» ауысуға жақын

Хорватия құрамасының қақпашысы «Ордабасыға» ауысуға жақын

Хорватиялық «Хайдуктың» түлегі Карло Сентич шымкенттік «Ордабасыға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы қақпашы венгриялық «Диошдьёр» клубында ойнайды, оған дейін хорватиялық «Вараздин» сапында өнер көрсеткен. Сентич Хорватияның әртүрлі құрамаларына шақырылды. Ол Хорватияның 23 жасқа дейінгі ұлттық құрамасында да ойнады. Қақпашының трансферлік құны 450 мың еуроға бағаланып отыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта шымкенттік клубтың негізгі қақпашысы Бекхан Шайзада. Екінші қақпашы Мұхаммеджан Сейсен жақын арада командадан кетуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или