Федор Щербаченко: «Екі команда да бүгін жеңіс үшін барын салды»

Федор Щербаченко: «Екі команда да бүгін жеңіс үшін барын салды»

Ел біріншілігінің 28-ші туры аясында өткен «Қайсар» мен «Оқжетпес» арасындағы ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатында алаң иелерінің бас бапкері Федор Щербаченко пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Екі команда да бүгін жеңіс үшін барын салды. Бірақ біз өз мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық. Ал «Оқжетпес» өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Қақпамызға гол жіберіп алғаннан кейін де еңсемізді түсірмей, шабуылдаумен болдық. Өкінішке қарай, мақсатымызға жете алмадық. Әдетте, төрешілер жайлы пікір білдірмеуші едім, бірақ бүгін арбитрлар алқасы бізге қарсы жиі қателескендей болды. Бірде қарсылас қолына доптың тиіп кеткенін байқамаса, бірде ойын ережесінің бұзылғанын көрмей қалды.

- Жасұлан Молдақараев өте белсенді болған сияқты еді, бірақ оны ерте ауыстырып жібердіңіз. Бұған не себеп болды?

- Иә, Жасұлан өте дарынды футболшы. Құдай оған футболға қажет қасиеттің бәрін берген. Әлеуеті бұдан де зор. Бүгінгі ойынынан он есе жақсы ойнай алады. Мен оған сенемін. Бірақ бүгін ол менің тапсырмамды тыңдаған жоқ. Өз бетінше жүгіріп жүрді. Ал тыңдамайтын футболшыларды, мейлі ол жергілікті футболшы болсын, мейлі легионер болсын, мейлі тәжірибелі марғасқа болсын, кез-келген минутта алмастырып жіберемін.

- Әдетте жеңісті құрамды алмастырмайды деген ырым бар. Осының алдындағы ойында Олжас Алтаев бірінші минуттан алаңға шығып, «Қайсар» жеңіске жеткен еді. Бүгін Олжас хаттамаға да енбей қалды. Неліктен?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или