Владимир Муханов: «Қайсар» өте қарымды қарсылас»

Ел біріншілігінің 28-ші туры аясында өткен «Қайсар» мен «Оқжетпес» арасындағы ойыннан кейінгі баспасөз-мәслихатында көкшетаулық клубтың бас бапкері Владимир Муханов пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Екі команданың да Премьер-лигадағы орындарын сақтап қала алатынына әлі кепіл жоқ. Сондықтан, «Оқжетпестің» де, «Қайсардың» да ойындарында аздап зіл байқалды. Күйгелектеніп ойнап жүргендей болды. Мұндай жағдайда командалар үшін әдемі ойын емес, нәтиже маңызды. Дегенмен, шәкірттеріме алғыс білдіремін, қажетті есепке қол жеткізіп, кезекті рет «Қайсардан» жеңісті жұлып алдық.

- Биыл «Қайсарды» төртінші рет жеңіп кеттіңіздер. Қызылордалық команда сіздер үшін ең қолайлы қарсылас па?

- Олай демес едім. Жолымыз болды деген дұрыс шығар. Әйтпесе, «Қайсар» өте қарымды қарсылас. Ешкімге ұпайды оңайлықпен бере қоймайды. Алдағы уақытта «Қайсарға» сәттілік тілеймін!

- Маусым аяқталып келеді, келесі жылға да «Оқжетпесте» қалатын ойыңыз бар ма?

- Біз бір-ақ маусымға келісімшартқа отырғанбыз. Әлбетте, ертең не болатынын сіз де, мен де білмеймін. Егер команда алдына зор мақсат қойып, жүлдеге таласуды көздесе, әрине қалып, көмектескім келеді. Бәрі де қаржы мен қолдауға байланысты ғой. Егер жағдай жақсы болса, шебер ойыншылармен толығып, жоғары орындарды көздеуге болар еді.

«Қайсар» ФК ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или