Снейдер жаңа келісім-шартқа қол қойды

Түркиялық «Галатасарайдың» голландиялық жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер клубпен келісім-шартын екі маусымға ұзартты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Снейдердің «Галатасараймен» келісімін ұзартатыны бұған дейін де хабарланған болатын. Енді голландиялық хавбек стамбулдық командамен келісім-шартын ресми түрде ұзартты. Осылайша Уэсли «Галатасарайда» 2017/18 жылғы маусым біткенше болады.

Естеріңізге сала етсек, «Галатасарай» Чемпиондар лигасында «Астанамен» бір топта өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или