Қазақстан құрамасының ойыншысы португалиялық клубқа ауысады
Павлодарлық жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл португалиялық «Жил Висенте» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
<span>«Жил Висенте»</span> - Барселуш қаласының клубы, Португалияның жоғары дивизионында бақ сынайды.
Әбіл маусымға дайындықты <span>«Ертіс» сапында бастады, ол клубтан жасы</span> он сегізге толған соң кетеді. Футболшы келісімшартқа отыру үшін Португалияға аттанады.
Айта кетейік, футболшы Қазақстан жастар құрамасы сапында Португалия құрамасына гол соқты.
Өткен маусымда әбіл <span>Freedom QJ League-да</span> 9, Бірінші лигада 22 және Премьер-лигада 2 матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или