«Манчестер Сити» Де Брюйнеге жаңа келісімшарт ұсынуға дайын

«Манчестер Сити» Де Брюйнеге жаңа келісімшарт ұсынуға дайын

«Манчестер Сити» бельгиялық жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйнеге 2026 жылдың жазына дейін есептелген жаңа келісімшарт ұсынуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Ойыншыға Сауд Арабиясы қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

Ойыншының «қалалықтармен» қазіргі келісімі бір жарым жылдан кейін аяқталады. Оның жалақысы аптасына 375 мың фунт стерлингті құрайды.

Сауд Арабиясында Де Брюйнеге аптасына 1 миллион фунт стерлинг төленеді деп уәде етілген. Бірақ бельгиялық Манчестерден кеткісі келмейді.

32 жастағы жартылай қорғаушы «Манчестер Ситиде» 2015 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда ол барлық турнирде 4 матч өткізіп, бір гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или