Футболдан Азия кубогы: Жапония құрамасы Ирактан жеңіліп қалды

Футболдан Азия кубогы: Жапония құрамасы Ирактан жеңіліп қалды

Катарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогында екінші тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл турда жанкүйерлер арасында Жапония құрамасының Ирактан жеңіліп қалғаны сенсациялық жағдай ретінде тіркелді.

D тобында сынға түсіп жатқан жапониялық футболшылар ойламаған жерден қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал E тобында ойнап жатқан Оңтүстік Корея құрамасы Иорданиямен кездесуінде соңғы минутта гол соғып, жеңілістен құтылды. Есеп 2:2.

Екінші турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

А тобы: Тәжікстан - Қатар 0:1, Ливан - Қытай 0:0
В тобы: Үндістан - Өзбекстан 0:3, Сирия - Австралия 0:1
С тобы: Гонконг - Иран 0:1, Палестина - БАӘ 1:1
D тобы: Вьетнам - Индонезия 0:1, Ирак - Жапония 2:1
Е тобы: Бахрейн - Малайзия 1:0, Иордания - Оңтүстік Корея 2:2
F тобы: Оман -Таиланд 0:0, Қырғызстан - Сауд Арабиясы 0:2.

Енді үшінші тур ойындары 22-25 қаңтар аралығында өткізіледі.

Айта кетсек, доп додасында сарықұрлықтағы 24 құрама бақ сынап жатыр. Олар барлығы 6 топқа бөлінген. Ойындар 12 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или