Роналдинью жол апатына ұшырады

Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдиньо жол апатына түсті. Бұл туралы Испанияның жергілікті басылымдары жариялады.

Sport-express сайтының мәлімдеуінше, оқиға Порту-Алегри қаласында болған. 35 жастағы бразилиялық футболшы рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Абырой болғанда, Роналдиньоның өзі запа шеккен жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Роналдиньо – 2005 жылғы «Алтын доп» иегері. ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы (2004, 2005).

Бразилияның «Гремио», «Фламенго», «Атлетико Минейро», «Флуминенсе», Францияның «Пари Сен-Жермен», Испанияның «Барселона», Италияның «Милан», Мексиканың «Керетаро» клубтарында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или