«Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы мансабын Грузияда жалғастырады
«Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы Жоржиньо мансабын Грузия чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Кутаиски «Торпедомен» келісімшартқа отырды.<br />Қазақстан Премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында Жоржиньо «Ордабасы» сапында 13 матч өткізіп, үш матчта нәтижелі пас берді.
Жоржиньо мансабында португалиялық «Ароку» мен «Шавеш», франциялық «Сент-Этьен», болгариялық ЦСКА және «Лудогорец», мысырлық «Вади Дегла» және польшалық «Висла» командаларында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или