«Ордабасы» соңғы минутта жеңісті жұлып алды

«Ордабасы» соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Футболдан Қазақстан чемпионатының 28-турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші таймда жанкүйерлер бір ғана гол көрді. 38-минутта Эдин Юнузович оң қанаттан асырылған допты голға айналдырды. Үзілістен кейін «Ақтөбе» ойыншылары таразы басын теңестіре алды. 58-минутта Сергей Хижниченко қанжығасын майлады. Ойынның негізгі уақыты аяқталып, қосымша уақыт бітер тұста «Ордабасы» ойыншылары стандартқа ие болды. Айып алаңына әуелеген допты Александр Симчевич қақпада тулатты.

Қатарынан екі турда жеңіліп қалған «Ақтөбе» 28 ұпаймен үшінші орынды сақтап қалды. Бірақ төртінші орынға көтерілген «Ордабасы» ақтөбеліктерден екі ұпайға ғана қалып келеді.

«Ордабасы» — «Ақтөбе» 2:1 (1:0)
Голдар: Юнузович 38 (1:0), Хижниченко 58 (1:1), Симчевич 90 (2:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или