Australian Open: Елена Рыбакина ресейлік қарсыласынан жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open турниріндегі кезекті ойынында жеңіліске ұшырады.
<span> Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 57-ракеткасы, Ресей өкілі Анна Блинковамен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші қарсыласына есе жіберді (4:6). Екінші партияда Елена алға шығып, 6:4 есебімен басым түсті. Үшінші сетте есеп 6:6 болғанымен, тай-брейкте Анна Блинкова жеңіске жетті (20-22).</span>
<span> Енді Анна Блинкова келесі ойынын италиялық теннисші Жасмин Паолиниге қарсы өткізеді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или