«Ювентустың» бұрынғы ойыншысы Джорджо Кьеллини бапкерлік мансабын бастады
<span>Футболдан Италия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Джорджо Кьеллини «Лос-Анджелес» клубының бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>39 жастағы Кьеллини 2022 және 2023 жылғы маусымда «Лос-Анджелес» сапында ойнады. Енді команданың бас бапкері Стив Черундоломен және оның жаттықтырушылар штабымен бірге жұмыс істеп, негізгі құрам ойыншыларын жаттықтыруға көмектеседі. </span>
<span>Джорджо Кьеллини 2022 жылы желтоқсанда футболшы мансабын аяқтаған еді. Ол 22 жылдық кәсіби мансабында «Ливорно», «Фиорентина» және «Ювентус» клубтарында ойнады. 2022 жылдың маусымында «Лос-Анджелеске» қосылған болатын. Осы команда сапында Кьеллини 45 матчқа қатысты.</span>
<span>«Біз Джорджоға ойыншы ретіндегі мансабының соңғы 18 айын «Лос-Анджелесте» өткізгені үшін алғыс айтамыз. Осы уақыт ішінде біздің клуб үшін құнды футболшы екенін дәлелдеді. Біз штатқа керемет көшбасшы және жақсы адамды қосқанымызға қуаныштымыз», — деді «Лос-Анджелестің» бас директоры Джон Торрингтон.</span>