«Астана» африкалық футболшымен келісімшартқа отырды

«Астана» африкалық футболшымен келісімшартқа отырды

«Астана» футбол клубы ганалық жартылай қорғаушы Осей Барнспен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осей португалиялық «Пасуш де Феррейра» клубының түлегі. Жартылай қорғаушының соңғы клубы Грузияның Тбилиси «Динамосы» болды, онымен ел чемпионы атанып, Грузия суперкубогын жеңіп алды. Жалпы ол команда сапында 11 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или