Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Арсеналға» ауысты
«Арсеналдың» бас бапкері Александр Сторожук тулалық клуб жартылай қорғаушысы Александр Зуевпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Зуевтің ауысуы туралы ақпарат рас. Александр - Арсенал ойыншысы! Әрине, біз оған сенеміз. Оның бастаушы болатынын көрейік. Ол талаптарды бәсекелестерінен жақсы орындаса, ойнайды», - деді Сторожук.
Айта кетейік, кеше, 15 қаңтарда Зуев Тула клубына ауысу үшін медициналық тексеруден өткені туралы бұған дейін хабарланған болатын. Зуев Ресей чемпионатында Мәскеудің «Спартак», «Крылья Советов Самара», «Ростов», «Рубин Казань» және «Химки» командаларында өнер көрсетті. 2023 жылы Александр Қазақстан құрамасы сапында дебюттік ойынын өткізсе, жастар деңгейінде Ресей құрамасында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или