Қазақстандық клуб қаржылық қиындыққа тап болды

Қазақстандық клуб қаржылық қиындыққа тап болды

«Шахтер» ойыншылары мен бапкерлер құрамы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына бара алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазір жергілікті ойыншылар Қарағандыдағы манежде жаттығуда. Қаржы жағына келсек, облыс басшылығы жаңа маусымға қаржы бөлмеген.

Жағдай 20 қаңтардан кейін өзгеруі мүмкін, клуб басшылығы облыс басшыларымен кездесу өткізеді.

Айта кетейік, «Шахтер» жетекшілерінің көпшілігі командадан кетті, ал бас бапкер Игорь Солошенко келісімшартты ұзартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или