«Қайратқа» өзбекстандық ойыншы ауысып келді

«Қайратқа» өзбекстандық ойыншы ауысып келді

«Қайрат» футбол клубына Өзбекстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев ауысып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы клубқа 2024 жылдың соңына дейін сатып алу құқығымен жалға берілді.

Юлдошев «Пахтакор» түлегі. 2019 жылы ташкенттік команда сапында Өзбекстан чемпионы атанса, 2021 жылы ел Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, қорғаушы өз елінде «Бунёдкор» сапында өнер көрсетті.

2021 жылдың жазында Иброхимхалил ресейлік «Нижний Новгород» клубына ауысып, осы күнге дейін сонда ойнады. Ол «Нижний Новгород» сапында барлығы 63 матч өткізіп, 3 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

22 жасында Юлдошев Өзбекстан құрамасы сапында 16 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Ал 2023 жылдың күзінде Өзбекстан Олимпиада құрамасы сапында барлық кездесуге қатысып, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или