Логвиненко «Ақтөбеде» жаңа қызметке тағайындалды

Логвиненко «Ақтөбеде» жаңа қызметке тағайындалды

«Ақтөбе» футбол клубы Директорлар кеңесінің шешімімен Юрий Анатольевич Логвиненко «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбенің» капитан аңызы, Қазақстанның сегіз дүркін чемпион-рекордсмены бұған дейін команданың спорттық директоры қызметін атқарған болатын.

Логвиненко ендігі кезекте басқарма басшысы Азамат Шайхыға клубты дамыту бағытында көмектеспек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или