«Қызылжардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары кім?

«Қызылжардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары кім?

Петропавлдық «Қызылжар» футбол клубы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz

ОЖЖ Түркияның Белек қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық клуб алғашқы ойынын 13 қаңтар күні Өзбекстанның «Навбахор» клубына қарсы өткізеді.

16 қаңтарда венгриялық «Ньиредьгаза Спартакус» командасымен, 20 қаңтарда косоволық «Дукаджинимен» кездеседі. 23 қаңтарда тағы бір косоволық клуб «Гжиланиге» қарсы ойын өтеді.

27 қаңтарда қазақстандық ұжым «Михайловице» (Словакия) командасымен күш сынасады. Қорытынды матч 30 қаңтар күні Польшаның «Лехия Гданьскқа» қарсы өтеді.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202401/209991_fbf9ddd92d9985fe9f60a60bc8e42679.webp" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или