«Тобылдың» көшбасшы ойыншыларының бірі армениялық клубқа ауысты
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Серж Дебле еревандық «Пюниктің» қатарын толықтарды,<span> </span>деп хабарлайды<span> </span>Sport Plus Qazaqstan.
Дебле бұған дейін 2022 жылы «Пюник» сапында өнер көрсетті.
Тәжірибелі Дебле «Тобылдың» құрамында барлығы 53 ойын өткізіп, 14 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.
Қостанайлық ұжыммен бірге Серж Дебле 2023 жылы Қазақстан Кубогын иеленді, сонымен қатар 2022 жылы Премьер-лиганың қола жүлдегері атанды.
Айта кететіні, өткен жылдың желтоқсан айында Деблеге «Елімай» және «Ақтөбе» сынды басқа қазақстандық клубтар қызуғышылық танытып отыр деген алыпқашпа әңгімелер болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или