Азамат Айтхожин «Астана» клубын құттықтады

Азамат Айтхожин «Астана» клубын құттықтады

ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин «Астана» командасын Чемпиондар Лигасындағы алғашқы ұпайымен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Құрметті футболшылар, жанкүйерлер!

Кеше өткен «Астана» мен «Галатасарай» матчында барлық қазақстандықтар елордалық ұжымның жанкешті ойыны мен сауатты тактикасына куә болды. «Астана» футболшылары Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде алғашқы голын соғып, алғашқы ұпайына ие болды!

Бұл - тарихи жетістік! Барлық қазақстандықтар үшін үлкен мереке! «Астана» футбол клубы еуропалық командалармен тең дәрежеде ойнай алатынымызды дәлелдеді. Чемпиондар Лигасының топтық кезеңін Қазақстанда ұзақ күттік. Жанкүйерлер, жаттықтырушылар және «Астана» футбол клубының әкімшілік штабымен бірге қуандық.

«Астана» ойыншылары жанкүйерлерге мереке сыйлады. Бұл - қазақстандық футболшылардың Чемпиондар Лигасының шыңына шығудағы алғашқы сенімді қадам!

10 қазан күні «Астана Арена» спорт кешенінде Қазақстан мен Нидерланд құрамаларының арасында іріктеу матчы өтеді. Жанкүйерлер ұлттық құрамаға қолдау білдіреді деп үміттенемін. Бәріміз бірге Қазақстанда футбол мерекесін жалғастыруға тырысамыз.

Құрметпен, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин» - делінген хаттамада.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или