«Тоттенхэм» Германия ұлттық құрамасының ойыншысын сатып алды
Футболдан Германия ұлттық құрамасының шабуылшысы Тимо Вернер лондондық «Тоттенхэм» клубына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
27 жастағы футболшы «Тоттенхэмге» Бундеслиганың «РБ Лейпциг» клубынан ауысып келді. Вернер лондондық клуб сапында 16-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.
«Біз Тимо Вернерді жалға алу құқығымен командаға қосқанымызды қуана хабарлаймыз», – деп жазды «Тоттенхэм» клубының баспасөз қызметі.
Вернер жаңа командаға ауысқаннан кейін Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жариялады.
«Осы клубқа ауысқаныма қуаныштымын! Алаңға шығатын уақытты асыға күтемін», – деп жазды футболшы.

Вернер осыған дейін 2020-2022 жылдары Англия Премьер лигасында «Челси» сапында ойнады. Ал осы маусымда «РБ Лейпциг» құрамында 14 матч өткізіп, 2 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түсті.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы құны 17 миллион еуро.