Қосалқы құрамда отырған Жолшиев неге сары қағаз алды?

Елордалық «Астананың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Жолшиев «Галатасарайға» қарсы матчта алған сары қағазын түсіндіріп берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біздікілер екінші голды соққанда орындықта отырған едім. Мен өз эмоциямды жасыра алмай, жігіттерді құттықтағым келді. Менің қосалқы ойыншылардың орнынан кетіп қалғанымды көрген төреші маған сары қағаз көрсетті», - деді Жолшиев.

Еске сала кетейік, «Астана» - «Галатасарай» матчы 2:2 есебімен тең аяқталды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или