Өзбекстан құрамасы жолдастық кездесуде жеңіске жетті
Азия кубогы қарсаңында Өзбекстан құрамасы кезекті рет жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзбек футболшылары Палестина құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 79-минутта «Ордабасы» сапында 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанған Бобир Абдихоликов соқты.
Айта кетейік, алдағы Азия кубогында Өзбекстан құрамасы Сирия, Аустралия, Үндістанмен бір топта өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или