Станимир Стойлов: «Жеңілістен емес, жанкүйерлерінімзді қуанта алмаймыз ба деп қорықтық»

Станимир Стойлов: «Жеңілістен емес, жанкүйерлерінімзді қуанта алмаймыз ба деп қорықтық»

Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» мен «Галатасарай» командалары арасындағы матчтанан кейінгі баспасөз-мәслихатында алаң иелерінің бас бапкері Станимир Стойлов өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Өз алаңында Түркияның «Галатасарай» футбол командасын қабылдаған «Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов матчтан кейін журналистер алдына шығып, баспасөз мəслихатын өткізді. Бірінші таймды жеңіліспен аяқтаған «Астана» екінші таймда шабуылды үдетіп, қорытынды есепті 2:2-ге жеткізді. Бас бапкер Станимир Стойлов "тепе-тең ойынға көңілім толады, бірақ бұл есеп мені қатты қуантқан жоқ», - дейді.

«Қорытынды есепке көңілім толады, бірақ, бұл нəтиже мені қуантып отырған жоқ. Себебі, біз бүгін қарсыластан басым түсуіміз керек едік. Бірақ, бірінші тайм бойы «Астана» ойыншылары сасқалақтап, қысылып-қымтырылды. Екінші тайм біздің пайдамызға шешілді,  гол  салатын сəттер көп болды», - дейді С.Стойлов.

Бас бапкердің айтуынша, үзіліс кезінде ол қол астындағы футболшыларға «УЕФА-да емес, Қазақстан чемпионатында ойнап жатқандай жүріңдер» деп ақыл айтыпты. «Үзіліс кезінде ойыншыларымды тыныштандыруға тырыстым, олардың жүйкелері сыр береді. Екінші тайм басталар алдында «УЕФА Чемпиондар Лигасында емес, Қазақстанның чемпионатында ойнап жүргендей болыңдар. Өздеріңді еркін ұстап, қалай ойнай алатынымызды көрсетіңдер» дедім. Бірақ, «Астана» жеңіліп қаламын деп қорыққаннан емес, жанкүйерлерді  қуанта алмай қаламыз ба деген ойдан қобалжыды»,-дейді С.Стойлов.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасының «С» тобында ойнап жатқан «Астана» футбол клубы бүгін өз алаңында бірінші матчын өткізіп, «Галатасарай» командасымен тең түсті. Қорытынды есеп 2:2.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или