Зайнутдиновтің командасын Португалия құрамасының бұрынғы бапкері жаттықтырады
Португалиялық маман Фернанду Сантуш «Бешикташ» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың ресми парақшасында хабарлама шықты.
«Команданың бас бапкері болып португалиялық Фернандо Сантуш тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сантуштың жетекшілігімен Португалия құрамасы 2016 жылы Еуропа чемпионы атанды.
«Бешикташ» сапында қазақстандық Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или