Франция құрамасының көшбасшысы өзінің танымалдылығынан зардап шегетінін айтты
ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе бір-екі күнге қарапайым адам болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Өте қарапайым нәрселер бар, менің бала кезімде әкем «бар, мұны істе» деп айтатын қарапайым нәрселер. Басқаларға ештеңе болып көрінбейтін нәрсені істеу үшін көп төлейтін едім. Егер мен инкогнито режимінде қала алсам, екі күнді үйден тыс жерде өткізер едім.
Бұрын бәрі басқаша болатын. Мен кез келген нәрсені істей алатынмын. Брассерияда тыныш түскі асқа барып, сыртқа шығып, инкогнито кешіне барытынмын. Келесі күні таңертең - террассада күн астында жағымды таңғы ас, айналаны тамашалау. Қарапайым нәрселер », - деді француз Envoyé Spécial-ке берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Мбаппені әлеуметтік желіде 110 миллион адам бақылайды. Килианның Instagram парақшасы футболшылар арасында ең танымалдардың бірі.