Forbes әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының тізімін жариялады

Forbes әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының тізімін жариялады

Forbes журналы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының тізімін жариялады. Командалар инфрақұрылымы, құрамы және спорт нарығындағы коммерциялық мәртебесі бойынша сарапқа салынды.

Бірінші орынды мадридтік «Реал» иеленді, оның құны сарапшылардың бағалауы бойынша 5 миллиард 490 миллион еуроны құрайды. Екінші орын «Манчестер Юнайтедке» бұйырды. Клубтағы қазіргі дағдарысқа қарамастан, оның құны әлі де жоғары және 5 миллиард 427 миллион еуроны құрайды. Үздік үштікті 4 миллиард 984 миллион еуромен «Барселона» аяқтады.

Айта кетейік, алғашқы ондыққа кіретін клубтардың көпшілігі Премьер-Лигадан болса, бұл рейтингке А сериясының бірде-бір командасы енбеген.

Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат 10 клуб:

«Реал» – 5,5 млрд
«Манчестер Юнайтед» – 5,4 млрд
«Барселона» – 4,9 млрд
«Ливерпуль» – 4,7 млрд
«Манчестер Сити» – 4,5 млрд
«Бавария» – 4,3 млрд
«ПСЖ» – 3,8 млрд
«Челси» – 2,8 млрд
«Тоттенхэм» – 2,5 млрд
«Арсенал» – 2,4 млрд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или