«ПСЖ» қорғаушысы ауыр жарақат алды

«ПСЖ» қорғаушысы ауыр жарақат алды

«ПСЖ» қорғаушысы Милан Шкриньяр Франция Суперкубогындағы «Тулузаға» қарсы ойында (2:0) тобығын жарақаттап алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі RMC Sport сайтына сілтеме жасап.

<span>Париждіктер футболшының жарақатын ауыр деп санайды. Футболшы бірнеше ай бойы алаңға шыға алмауы мүмкін. Ол маусымның екінші жартысын толық жіберіп алуы да ықтимал.</span>

<span>Словакиялық ойыншы ПСЖ сапында алғашқы маусымын өткізіп жатыр. 28 жастағы орталық қорғаушы париждік командада барлық турнирде 23 матч өткізіп, 1 гол соқты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или