Адиев Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке қатыспаса болашағы қалай болатынын айтты

Адиев Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке қатыспаса болашағы қалай болатынын айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024-ке өте алмаған жағдайда өз орнын сақтап қала ма деген басты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Білмеймін, айту қиын. Мен командаға  бір нәрсе бере алдым ба, жоқ па, соны ойлауымыз керек. Еуроға жолдама алмасақ, мен федерация президентімен шешім қабылдаймын, егер шықсақ, ұлттық құраманы еуроға дайындаймын, содан кейін қайта шешім қабылдаймын», - деп жауап берді Адиев.

Наурыз айында Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф іріктеу матчтарында ойнайды және Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен кездеседі. Параллель кездесуде Грузия мен Люксембург құрамалары кездеседі. Финал жеңімпазы Еуро-2024 негізгі кезеңіне өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или