Футболдан әлемдегі ең қымбат шабуылшылар белгілі болды

Футболдан әлемдегі ең қымбат шабуылшылар белгілі болды

Әлемдегі ең қымбат шабуылшылардың рейтингі жасалды: олардың кейбірінің құны саудиялық Криштиану Роналдудың бүкіл командасынан қымбат болып шықты.

Transfermarkt порталы "Пари Сен-Жерменнің" супер шабуылшысы Килиан Мбаппе мен «Манчестер Ситидің» сұрмергені Эрлинг Холандты тізімнің басына қойған.

Олардың құны 180 миллион еуроға бағаланады. Үшінші орында мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор (150 миллион еуро).

2023 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең қымбат шабуылшылар:

Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») – 180 миллион еуро;
Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 180 миллион еуро;
Винисиус Жуниор («Реал Мадрид») – 150 миллион еуро;
Букайо Сака («Арсенал») – 120 миллион еуро;
Фил Фоден («Манчестер Сити») – 110 миллион еуро;
Лаутаро Мартинес («Интер») – 110 миллион еуро
Виктор Осимхен («Наполи») – 110 миллион еуро;
Гарри Кейн («Бавария») – 110 миллион еуро;
Родриго («Реал Мадрид») – 100 миллион еуро;
Джулиан Альварес («Манчестер Сити») – 90 миллион еуро.

Айта кетейік, тізім көшбасшыларының болжамды құны Криштиану Роналду ойнайтын «Әл-Наср» ойыншыларының жалпы құнынан (164,75 миллион еуро) асып түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или