Рохер Каньяс: «Қазақстанда ойнау үшін физикалық дайындығын мықты болуы қажет»

«Астананың» колумбиялық ойыншысы Рохер Каньяс FutbolRed.com сайтына сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Қазақстан футболының стилі немен ерекшеленеді?

- Біріншіден, көп жүгіруді қажет етеді. Техникалық тұрғыда шебер ойыншылар да бар. Бірақ ең алдымен физикалық дайындығын күшті болуы қажет.

- Алға қойған мақсатыңыз қандай?

- Бар ойым қазір «Астанада». Чемпиондар лигасында мықты үш қарсыласпен кездесу күтіп тұр. Бұл турнир – әлемдегі ең мықты жарыс.

- Сіздің командаңыз Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде сенсация жасап, енді топтық кезеңде өнер көрсетуде...

- Чемпиондар лигасында ойнау - бұл менің бала кезімдегі арманымның орындалуы. Біз бұл мақсатқа жету үшін көп еңбек еттік. Командамыз жас, тәжірибеміз де аз. Соған қарамастан жақсы нәтиже көрсету үшін бар күшімізді саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или