Жезон Денайер: «Қазақстанда ешкімге жеңіл болмайды»

Жезон Денайер: «Қазақстанда ешкімге жеңіл болмайды»
<p style="text-align: justify;"> <strong>&laquo;Галатасарай&raquo; футбол клубының қорғаушысы Жезон Денайер &laquo;Астанаға&raquo; қарсы ойын жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды &laquo;PROСПОРТ&raquo;.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Бізді өте ауыр ойын күтіп тұр. Қазақстанда ешкімге жеңіл болмайтыны анық. Ұзақ жолдан кейін &laquo;Астана Аренаның&raquo; жасаңды алаңына үйренуіміз қажет. Чемпиондар лигасында ойнау мен үшін үлкен құрмет. Бұл жарысқа тек Еуропаның ең азулы командалары ғана қатысады. Әйтсе де біз топтан шыға аламыз деген ойдамын. &laquo;Атлетикодан&raquo; ұтылдық, бірақ алда тағы бес ойын бар. Біз соңына дейін тырысамыз&raquo;, - деді Денайер ыстамбұлдық клубтың ресми сайтына.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или