«Қайраттың» Қысқы футбол кубогындағы ойын кестесі белгілі болды

«Қайраттың» Қысқы футбол кубогындағы ойын кестесі белгілі болды

Алматылық «Қайрат» футболдан РПЛ Қысқы кубогындағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық турнир 2024 жылдың 2-14 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу-Даби қаласында болады.

Қарсыластары - ресейлік «Спартак»,«Ростов» клубтары және «Шабаб Аль-Ахли» командасы (БАӘ).

«Қайраттың» турнирдегі ойын кестесі:

6 ақпан. «Шабаб Аль-Ахли» - «Қайрат». Басталуы - 22:30;<br />11 ақпан. «Қайрат» - «Ростов». Басталуы - 21:00;<br />14 ақпан. «Спартак» - «Қайрат». Басталуы - 22:30.

Төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен кездеседі.

Топта бірінші орын алған ұжым турнирдің жеңімпазы атағына ие болады.

Халықаралық турнирді жанкүйерлер «Qazsport» және Ресейдің «Матч ТВ» телеарналарынан тамашалай алады.

Аталған турнирдің соңғы чемпионы - мәскеулік «Спартак».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или