«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен жеңіске жетті

«Барыс» ҚХЛ матчында ірі есеппен жеңіске жетті

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз алаңында омскілік «Авангардпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz

Кездесуде қазақстандық команда 5:1 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапында голдың авторы Даниил Альпаков, Кирилл Савицкий, Энтони Камара, Әлихан Өмірбеков және Давид Скленичка атанды.

«Барыс» (Астана) - «Авангард» (Омск) 5:1 (1:0, 0:0, 4:1)

Шайбалар:

1:0 - Апальков (Оберг), 11:47
2:0 - Савицкий (Скленичка, Оберг), 41:07
3:0 - Камара (Червени, Бекетаев), 43:27
4:0 - Өмірбеков (Әсетов, Хенкель), 45:40
5:0 - Скленичка, 48:09
5:1 - Гуляев (Беляев, Филатьев)

Қақпашылар: Паскуале - Мишуров (Хомченко, 45:40 - 60:00)

Еске сала кетейік, кейінгі матчта «Барыс» «Сочиді» овертаймда 3:2 есебімен жеңген болатын.

Фото: hcbarys.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или