Қазақстан құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Тобылға» ауысуы мүмкін

Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркін Тапаловты қатарға қосуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы клуб ішіндегі ақпарат көздерінен белгілі болды.

Бұған дейін Тапалов Түркия Бірінші лигасының клубы – «Манисамен» келіссөздер жүргізген.

Тапалов өткен маусымды «Қызылжар» құрамында өткізіп, команданың капитаны әрі көшбасшысы болды. Бұған дейін 30 жастағы ойыншы «Ақжайық», «Шахтер», «Жетісу» және «Тұран» клубтарында өнер көрсеткен. Тапалов Қазақстан құрамасы сапында 12 кездесу өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или