ҚФФ Әліптің «Реалға» ауысатыны туралы ақпаратқа пікір білдірді

ҚФФ Әліптің «Реалға» ауысатыны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Рохус Шох «СЭ» басылымына «Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліпке мадридтік «Реалдың» қызығушылық танытқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өмірде мүмкін емес ештеңе жоқ. Бүгінгі күні, ең алдымен, бұл жалпы қызығушылық, өйткені скауттар әдетте ойыншыларды нақты рөлдерге қарайды. Әліп қазір клубтардың назарын аударып отыр, себебі ол ұлттық құрамада өте сәтті өнер көрсетті, көшбасшылардың бірі. Оның үстіне ол «Зениттің» негізгі ойыншысына айналды. Әрине, ол Батыстың ірі клубтарының назарын аударады. Оның «Реалға» ауысуы екіталай, бірақ өмірде ештеңені жоққа шығаруға болмайды», - деді Шох.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или