«Қайрат» Әбу-Дабидегі қарсыластарын атады
«Қайрат» футбол клубы жаңа маусымға дайындық аясында Әбу-Дабидегі (БАӘ) қарсыластарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық клуб 1-15 ақпан арасында РПЛ Қысқы кубогына қатысады. «Қайрат» турнирді жергілікті «Шабаб Әл-Ахлиге» қарсы ойынмен бастайды, 5 күннен соң «Ростовпен» кездеседі, ал соңғы матчында «Спартакпен» күш сынасады.
Бұл ойындардан бөлек команда 4 ақпанда мәскеулік «Локомотивпен» жолдастық матч өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или