«Қайрат» қақпашысы ҚПЛ-да клуб ауыстырды

«Қайрат» қақпашысы ҚПЛ-да клуб ауыстырды

Алматылық «Қайрат» 20 жастағы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтің астаналық «Жеңіске» ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Анарбеков «Жеңіс» сапында 2024 жылғы маусымның соңына дейін жалға ойнайды.

Өткен маусымда 20 жастағы қақпашы Бірінші лигада «Қайрат-Жастар» сапында 19 матч өткізіп, 34 гол жіберіп, екі рет қақпасын голдан аман сақтаған.

Сондай-ақ биыл 21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының төрт ойынына да қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или