Қазақстан құрамасының көшбасшысы еуропалық клубтан кетті

Қазақстан құрамасының көшбасшысы еуропалық клубтан кетті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов словениялық «Копер» командасынан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Football Planet мәліметінше, клуб қазақстандық футболшымен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдаған. Себебі басшылық Оразовтың «Копер» нәтижелеріне қосқан үлесіне наразы. Жартылай қорғаушы командадағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі болған.

Естеріңізге сала кетейік, Оразов «Коперге» 2023 жылдың тамыз айының соңында келген. Ол словениялық команда сапында 12 кездесу өткізіп, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или