Юрий Бондаренко «Ордабасының» жаңа президенті

Юрий Бондаренко «Ордабасының» жаңа президенті

Бүгін Берік Омарбековтың орнына Юрий Бондаренко «Ордабасы» футбол клубының президенті тағайындалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Осыған дейін бірнеше клубтарда басшылық еткен азамат ел чемпионатының аяқталуына бірнеше матч қалғанда тағайындалып отыр. Ал ордабасылықтардың алдына қойылған мақсат жалғыз — ол, кем дегенде,  алғашқы төрттіктен көріну болатын. Естеріңізде болса, осыдан төрт ойын алдын команданың тізгінін жаңа бапкер ұстаған еді. «Ордабасы» соңғы матчында атыраулықтарды 3-1 есебімен жеңді. Ал қазанның үші күні өз алаңында Ақтөбемен үш ұпайға таласады.

«Өткен аптада Берік Серікұлы Омарбеков өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Өздеріңіз білесіздер, чемпионат жалғасып жатыр. Ол дегеніміз тез арада клуб президентін тағайындау қажет болды. Юрий Бондаренко — білікті маман. Осыған дейін «Оқжетпес» клубында басшылық еткен. Сонымен қатар, бүгіннен бастап клуб жанында арнайы директорлар кеңесі жаңа құраммен жұмысын бастайды. Кеңестің қатарында футбол әлеміне белгілі маман Евгений Шкарин және облысымызда әйелдер футболының дамуына ат салысып жүрген Бауыржан Абдубайтов бар. Клуб басшылығынан жоспарды орындайды деген үміт бар», - дейді ОҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев.

otyrar.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или