Владимир Вайсс: «ҚПЛ – әділетсіз чемпионат»

«Қайрат» Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесіне бір табан жақын тұр. Дәл қазір алматылықтардың бас бапкері Владимир Вайсспен клубтың жоспарлары және мақсаттары туралы сөйлесуге оңтайлы уақыт.

–Владимир Владимирұлы, туған күніңізбен құттықтаймыз, соңғы жылдардағы туған күндеріңіздің ең есте қалғаны қайсы?

– Рахмет. Екі жыл бұрын біз бүкіл команда болып жиналдық, сол кезде Қайрат Боранбаев маған әдемі сыйлық жасады, бұл командамен бірге кешкі ас және клубтық сағат болатын – менің өмірімдегі ең үздік туған күндерімнің бірі деп айта аламын.

– Қайрат Советайұлымен туған күндеріңіз бір күнде екен. Демек, сіздер сыйлықпен алмастыңыздар ғой?

– Иә, алдымен бір-бірімізге хат жолдадық, кейін Қайрат маған телефон соқты, мұндай кездерде мен денсаулық пен махаббат тілеймін, бұл екеуі болмаса өмір сүру мүмкін емес. Егер жұмыс жасасаң, қалғаны міндетті түрде келеді.

– Бірнеше күн бұрын «Қайрат» «Астананы» қапы қалдырып, чемпиондыққа тағы бір қадам жасады. Алтын жүлде қолда тұрғандай сезім болмады ма?

– Бұл біздің міндетіміз болатын – «Астананы» ұту, егер чемпион болғымыз келсе, мұндай матчтарда жеңіске жетуіміз керек. Егер жеңіліп қалсақ, мүмкіндігіміз де азая түсетін еді, ал қазір мүмкіндік бірдей, біз «Астананы» өз алаңымызда қабылдаймыз, оған қоса, «Ақтөбеге» барамыз, сондықтан әр матч біз үшін ауыр және алтынмен тең.

– «Астананың» Чемпиондар лигасында дебюттік ойынын өткізіп, физикалық және эмоциялық күштерін сарқып алғаны қаншалықты өз әсерін тигізді?

– Ешқандай әсерін тигізген жоқ. Чемпиондар лигасы тек сенімділік қосады, бұл футболшылар үшін үлкен тәжірибе. «Астана» жақсы команда, бірақ типологиялық тұрғыда бізден айырмашылығы бар, оларда физикасы мықты футболшылар көп, сондықтан олар қазір Еуропада өнер көрсетуде. «Бенфикаға» қарсы жақсы ойнады, оларға қарсы ерекше көңіл-күймен ойнау қажет, астаналықтардың барлық ойынға күші жетті деп ойлаймын.

– Сонда да оларды Чемпиондар лигасында бес ойын күтіп тұр. Осы тұрғыда сіздерде басымдық бар, келісесіз бе? «Қайраттың» ойын кестесі елордалық клуб секілді тығыз емес қой?

– Олардың жағдайлары жақасы, чартерлік рейспен ұшады. Тек жетекші футболшыларының бірі жарақат алып қалса ғана бұл тығыздық әсерін тигізеді, бірақ біздің кестедегі жағдайымыз жақсырақ деп ойлаймын. Менде Чемпиондар лигасында ойнаған команда («Артмедиа» - Авт.) болды, сол кезде словакиялық чемпионаттан оңай өттік, еурокубоктар бізге күш пен сенімділік берді, бізді мықты командаларға қарсы тамаша стадиондарда ойнадық. «Астана» мен бізде екі құрам жоқ, тіпті, «Реал» мен «Барселонада» ондай құрам жоқ. Сондықтан жетекші футболшылардың қатарда болғаны маңызды, сонымен қатар, «Ақтөбені» де тізімнен сызып тастамас едім, олар да чемпиондыққа үмітті.

– «Астанаға» типологиялық, әсіресе физикалық тұрғыда ұқсамайтындарыңызды атап өттіңіз. Сонда «Қайрат» еурокубоктың топтық кезеңіне өтсе, алтын жүлдеге фаворит «Астана» болатын ба еді?

– Бізге ауыр болатын еді. Бірдей екі құрамың болмаса, күшің сарқыла береді, сонымен қатар, Еуропа лигасында бейсенбі сайын ойнайсың, бұл да бізге әсерін тигізетіні анық . Ал қазір біз бар назарымызды чемпионатқа аударып отырмыз.

– «Астанаға» жақсы жағынан қызығасыз ғой?

– Иә, позитивті тұрғыда қызығамын, бұл әр бапкердің, әр футболшының және басшылықтың арманы. Қайрат Советайұлы да осыны армандайды. Сол үшін мен «Қайратпен» ұзақ уақытта келісім-шартқа отырдым. Биыл чемпионатта жеңіске жетіп, келесі жылы «Астананың» табысын қайталаймыз деп үміттенемін.

– Қалай ойлайсыз, «Астана» Чемпиондар лигасында ұпай еншілей ала ма?

– Ұпай алатынына сенімдімін. Қазірдің өзінде «Галатасарайға» қарсы матчта жақсы мүмкіндігі бар, кейін де табысты өнер көрсете алады, бұл турнирде шын жүректен табыс тілеймін.

– Дегенмен, сіздердің еурокубоктық кампанияларыңыз сәтті өтті. Тәжірибе көрсеткендей, «Бордодан» өтуге болады екен. Матчтан кейін Саньольмен сөйлестіңіз ғой, ол «Қайрат» туралы не айтты?

– Жалпы, команданы мақтады, жақсы дайындалғанымызды айтты, олар фаворит болды ғой, ал біз жақсы футбол көрсеттік.

– «Қайраттың» жолы болмады ма, әлде «Бордоның» шеберлігі негізгі фактор болды ма?

– Футболда жолы болмады деген ұғым жоқ, сапа бар, егер тағы бір гол салсақ, не гол жібермесек, біз өтетін едік, бірақ біз қате жіберіп алдық, сондықтан ұшып кеттік.

– Осы маусымдағы Еуропа лигасында қандай оқиға есте қалды?

– Бірнешеуі есте қалды. «Бордоға» қарсы жекпе-жекті атап өтер едім. Оларға қарсы бар мүмкіндігімізді салдық, жүз отыз пайыз күшімізді сарқыдық, бірақ бұл жеңіліс ойыншыларға тәжірибе болды, ол бізді мықты қыла түсті. Қанша өкінсек те, «Бордоға» қарсы матчтарды жылы еске аламыз.

– Былтыр Стойлов командаға бір отбасы болу міндетті емес деп айтқан болатын. Слуцкий де ЦСКА туралы солай айтты. Сіз үшін ұжымда досдық атмосфераның болғаны маңызды ма?

– Менің ойымша, команда-жанұя деген қарапайым тіркес қана, мен командалық рух дегенді дұрыс қабылдаймын. «Қайратта» мұндай рух бар. Әр команда жергілікті, шетелдік болып бөлінеді. Барлығы дос болып жүрген, бапкерін дұрыс қабылдайтын команданы таба алмайсыз: жиі алаңға шығатындар бапкерге жақсы қараса, қосалқы құрамда отыратындар оны жек көруі мүмкін, бұл қалыпты нәрсе, мен мұны жақсы түсінемін. Бірақ барлық футболшының тәртіпті болуы керек, олар ойнай алатынын жаттығуларда дәлелдеуі қажет. Осы маусымнан соң командадан кететін ойыншыларды анықтап қойдық, себебі олар осы тәртіпке бағынбайды және клубтың ойын стиліне келмейді.

– Клубтың соңғы үш жылда қалай дамығанына көңіліңіз тола ма?

– Ешқашан көңілім толмайды, себебі менің жаратылысым солай – қашан да көп нәрсені қалаймын. Бірақ, әрине, клуб осы уақытта тамаша дамып кетті, бірінші кезекте инфрақұрылымы, негізгі және жастар командасының жағдайы тамаша, мұндайды, тіпті, Еуропада да кезектіру қиын. Негізі, біз қазір еуропалық клубпыз, бұл нәтижені сақтап қалуымыз керек, сол үшін осында жұмыс жасап жатырмын.

– Қалай ойлайсыз, «Қайратта», шамамен, қанша жылдан кейін өз түлегі болады?

– Алматы не Астанада сапалы футболшыны тәрбиелеп шығару оңай емес. Ойыншылар Тараздан шыға алады, мысалы, Исламхан секілді. Себебі ол жақта жағдай қатты жасалмаған, олар футболмен көбірек айналысады. Себебі Алматыда ойын-сауық орталықтары көп. Жастарымыздың қалай ойнайтынын көре жатармыз, оларды бақылап жүремін, бірақ әзірше академия бірінші командаға көмектесе алатын футболшыны тәрбиелеп шығарған жоқ.

– «Қайратпен» келісім-шартыңызды ұзартасыз ба?

– «Қайрат» маған үш жылға келісім-шарт ұсынды, бірақ менің ойлануым керек, әйеліммен ақылдасуым қажет, себебі төрт немерең бар кезде жалғыз өмір сүрген қиын. Отбасылық шаруаларым бар. Жалғыз өмір сүрген қиын, бірақ мен бұл клубты жақсы көремін, осы маусым біткен соң, көре жатармыз.

– Қазақстанға келгелі не нәрсеге үйрене алмай жүрсіз?

– Егер жұмыс туралы айтсақ, чемпионаттың жүйесіне үйрене алмай жүрмін. ҚПЛ – әділетсіз чемпионат, сіз ұпайлар жинайсыз, ал сосын сол ұпайдың жартысын алып тастайды.

– Тұрмыстық жағынан бәріне көңіліңіз тола ма?

– Иә, Алматы әдемі қала, мұнда барлық жағдай керемет жасалған.

Аударған: Есет Төлеш

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или