«Астана» vs «Галатасарай». Түркілердің айқасы

«Астана» vs «Галатасарай». Түркілердің айқасы

Қыркүйектің 30-ы, «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Түркия чемпионы «Галатасарайды» қабылдайды.

«PROСПОРТ» тілшісі «Астана»-«Галатасарай» кездесуінде қазақстандық ұжым өзінің алғашқы ұпайына қол жеткізетінін болжап көрді.

Елордалық команда ел тарихында тұңғыш рет «Астана-Аренада» Чемпиондар лигасының топтық кезеңнің матчын өткізеді. Аталмыш ойынға билеттердің 90%-ы сатылғаны белгілі. Қос команда да «С» тобында аутсайдерлер қатарында. Демек, «Астананың» биылғы Чемпиондар лигасында ұпай жинайтын жақсы мүмкіндігі осы «Галатарасайға» қарсы ойында болмақ. Елордалық команда бірінші турда сырт алаңда «Бенфикадан» ұтылса, «Галатасарай» өз алаңында «Атлетикоға» жол берді. Түркиялық ұжым үшін «Астанаға» қарсы ойын өте маңызды. Егерде ыстамбұлдық клуб Астанада жеңіліп жатса,  онда плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі одан әрі қиындай түспек. Бұған қоса, Еуропа лигасына шығу-шықпауы да белгісіз. Әрине, егерде «Астана» жеңіп жатса.

Станимир Стойловтың командасы соңғы төрт кездесуінде жеңіске жете алмауда. Соңғы рет «Ордабасыны» сырт алаңда ұтқан елордалық команда, артынша «Бенфикадан» (0:2), «Қайраттан» (0:1) және «Ертістен» (1:2) ұтылды. Ал, «Ақтөбемен» ел кубогында тең ойнап, ақтық кездесуге жолдама алды. Бұл көрсеткішерге қарап, «Астананың» қазір бабында емес екенін аңғаруға болады.

Керісінше «Галатасарай» болса жеңісті жолына шықты. Түркия чемпионатындағы соңғы 4 кездесуінде ыстамбұлдық ұжым үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түсті. Қазіргі таңда ел чемпионатында үшінші орында келеді.

«Галатасарайдың» бас бапкері Хамза Хамзаоглудың айтуынша, «Астанаға» қарсы ойын топтық кезеңдегі шешуші ойындардың бірі болмақ. «Астана» үшін де бұл өте маңызды ойын.  Қанша дегенмен, өз алаңында «Атлетико» мен «Бенфиканы» ұту өте ауыр болатыны анық. Ал, «Галатасарайды» жеңуіміз әбден мүмкін. Бұған қоса, команданың бас сұрмергені Бурак Йылмаз жарақатына байланысты Астанаға келе алмайтын болды. Ал команданың жұлдыздары Уэсли Снейдер мен Лукас Подольскидің ойындары соңғы уақытта аса жүрмеуде. Соңғысының Қазақ елін Бораттың суретімен мазақ қылғаны әлі есімізде.

«Астананың» жеңіске жетуіне ең басты фактор – бұл өз алаңы мен команда жанкүйерлері. Елордалық ұжым биыл Чемпиондар лигасында өз алаңында бірде-бір рет жеңілмеген. «Галатасараймен» өтетін матчта да осы дәстүр жалғаса береді деген ойдамыз.

«Астана» сапында жарақат алған ойыншылар жоқ. «Галатасарайға» қарсы ойынға Патрик Твумасиден өзге барлық ойыншылар қатыса алады деп күтілуде. Команда капитаны Таңат Нөсербаев та жарақатынан айықты. Яғни, Станимир Стойловтың командасы «Галатасарайға» қарсы кездесуге сақадай сай дайын.

Ендеше қыркүйектің 30-ы, тарихи кездесуде «Астанаға» қолдау көрсетейік!

«Астана»-«Галатасарай» матчын тікелей эфирде «Таң» телеарнасы көрсетеді. Матчтың басталу уақыты – 22:00.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или