«Қайрат» РПЛ қысқы кубогына қатысады

«Қайрат» РПЛ қысқы кубогына қатысады

Алматылық «Қайрат» РПЛ қысқы кубогына қатысатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир 2024 жылдың 1-15 ақпаны аралығында Абу-Дабиде өтеді.

Біздің команданың қарсыластары Ресей Премьер-Лигасының «Спартак» және «Ростов» клубтары, сондай-ақ БАӘ чемпионатының көшбасшыларының бірі «Шабаб Аль-Ахли» болады.

Төрт команда «барлығы барлығына қарсы» форматында айналым бойынша турнир өткізеді. Ең көп ұпай жинаған команда турнирдің жеңімпазы атанады.

Турнир матчтарын «QAZSPORT» және «Матч ТВ» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или