Бүгін «Галатасарай» клубы Астанаға келеді

Бүгін стамбұлдық «Галатасарай» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Астана» командасымен матч өткізу үшін Астанаға келеді.

Бұл туралы түріктің әйгілі Fanatik спорт сайты мәлім етті.

Стамбұлдық клубтың футболшылары екі ел арасында 4690 шақырым жолды еңсеру үшін 5 сағат уақытын ұшақта өткізеді. Сол себепті жолдан шаршаған футболшылар бірден қонақ үйге жайғасып, тынығады. Ал баспасөз мәслихаты мен соңғы тактикалық жаттығу жұмыстарын ертең өткізеді.

Естеріңіге саламыз, «Астана» мен «Галатасарай» клубтары арасындағы матч 30 қыркүйек күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл күні кешкі сағат 19:00-ден бастап «Астана Арена» бағытындағы жолдарда көліктер қозғалысына шектеу қойылады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или