Шенук Эргун: «Астана» топтан шығу үшін күреседі деп ойламаймын»

«Галатасарай» директоры «Астана» командасымен кездесуден не күтетіні жайында айтты.

Шенук Эргунның айтуынша, оның командасына Қазақстан астанасында өтетін кездесу оңайға соқпайды.

«Бізді 30 қыркүйекте Астанада күрделі матч күтіп тұр. Бірінші ойында «Атлетикодан» жеңіліп, жағдайды қиындатып алдық. Топтағы үшінші орын бізді қанағаттандырмайды. Біз Еуропа Лигасында ойнау үшін чемпион болған жоқпыз. Бізді Чемпиондар лигасының плей-оффына шығу ғана қызықтырады - соған ұмтылуға тиіспіз. Бәстесе аламын, топтағы екінші орынды «Бенфика» немесе «Галатасарай» иеленеді. Көпшілік аутсайдерлер қатарына кіргізіп үлгерген қазақстандық командаға қарсы ойнау ешкім үшін де оңай болмайды», - деді ол.

«Астана» топтан шығу үшін күреседі деп ойламаймын. Алайда, бізді қиын сапар күтіп тұр. Бірінші ұпайларды біз аламыз деп үміттенемін», - деп ойымен бөлісті Эргун.

Еске сала кетейік, «Астана» 30 қыркүйекте өз алаңында «Галатасарайды» қабылдайды.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или