«Рома» «Ювентустың» бұрынғы ойыншысын командаға қосқысы келеді

«Рома» «Ювентустың» бұрынғы ойыншысын командаға қосқысы келеді

Берлиндік «Унион» қорғаушысы Леонардо Бонуччи «Ромаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

<span>Sport Mediaset мәліметінше, римдік клуб Крис Смоллинг жарақаты мен Эван Н'Диктің Кот-д'Ивуар құрамасы сапында Африка ұлттар кубогына барғанына алаңдап отыр. «Рома» басшылығы орталық қорғаныс шебін күшейтуді көздеп отыр. Римдіктер Бонуччиді лайықты үміткер деп санайды.</span>

<span>Бонуччи «Унион» сапына өткен жазда еркін агент ретінде қосылған. Осы маусымда қорғаушы барлық турнирде тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты. Ойыншының берлиндік клубпен келісімшарты 2024 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген.</span>

Бұған дейін 36 жастағы Бонуччи «Интер», «Тревизо», «Пиза», «Бари», «Ювентус» және «Милан» командаларында өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или