«Барселонаның» бас бапкері Хави клубтан кетуі мүмкін

«Барселонаның» бас бапкері Хави клубтан кетуі мүмкін

«Барселонаның» бас бапкері Хави каталониялық клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

El Nacional мәліметінше, «Ливерпуль» бапкері Юрген Клопп «Барселонада» Хавиді алмастыруы мүмкін. Неміс маманы «Барселона» президенті Джоан Лапортамен жиі сөйесіп жүр. Клопп «Барселона» құрастыра бастаған бапкерлер тізімінің басында тұр.

Бұған дейін клуб президенті Джоан Лапорта мен спорт директоры Деку Хавидің жұмысын бағалап, оны жұмыстан босатуды талқылау үшін кездесу өткізгені хабарланған болатын.

17 турдан кейін «Барселона» 35 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Команда көш басындағы «Жиронадан» тоғыз ұпайға қалып қойды. Сондай-ақ Хавидің жетекшілігімен «Барселона» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығып, топта бірінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или