Оразовтың командасына жаңа бапкер тағайындалды
Словениялық «Копердің» бас бапкері қызметіне 44 жастағы маман Александр Радосавлевич тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Радосавлевич Сафет Хаджичтің орнына келді. Хаджич клубта жұмысын жалғастырады, бірақ скаут және кеңесші ретінде.
Жаттықтырушылар штабында Деян Нишанджич (бас бапкердің көмекшісі) және Дино Черемет (қақпашылар жаттықтырушысы) бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Рамазан Оразов «Копер» сапында 12 матч өткізіп 1 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или