ҚПЛ клубының футболшысы Өзбекстан чемпионатына кету туралы ойын айтты

ҚПЛ клубының футболшысы Өзбекстан чемпионатына кету туралы ойын айтты

«Мақтааралдың» және футболдан Қырғызстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Одилжон Абдурахманов қысқы трансферлік терезеде Өзбекстанның «Навбахорына» ауысуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты KyrgyzFootball басылымына сілтеме жасап.

«Иә бұл шындық. Мені «Навбахор» қызықтырады. Бірақ әлі нақты ұсыныс түскен жоқ. Қазір менің барлық ойым тек Қырғызстан құрамасымен байланысты. Мен 2023 жылғы Азия кубогынан кейін болашағым туралы шешім қабылдағым келеді», - деп келтіреді KyrgyzFootball telegram-арнасы Абдурахмановтың сөзін.<br />2023 жылы 27 жастағы Одилжон Абдурахманов Қазақстан Премьер-лигасында 17 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді. Қазақстан кубогының екі ойынына қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или