«Қайраттың» чемпиондыққа жасаған маңызды қадамы

Ел біріншілігінің XXIV турының орталық ойыны сөзсіз Алматы қаласындағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы кездесу. Чемпиондық жолдағы басты бәсекелестер арасындағы матчта 2:1 есебімен Владмимр Вайсстың командасы жеңімпаз атанды.

Алаң иелері бұл матчқа тек қана жеңіс үшін шыққанын алғашқы минуттардан байқатты. Ойынды толыққанды бақылып, қарсылас қақпасынан саңылау іздеді. 10-шы минутта Исламхан сол қапталмен қорғаушылардан сытылып өтіп командаласы Исаэлге тамаша пас асырды, ал бразилиялық ойыншы Покатилов қорғаған қақпаның жақын бұрышын дәл көздеп, командасын есепте алға шығарды. Көзді ашып-жұмғанша «Қайрат» ойыншылары есеп айырмасын еселді. Оң қапталдан басталған шабуылды Гоу сәтті түйіндеді. Сүйікті командасының жарқын бастамасынан жігер алған жанкүйерлер «7:1» деп айқайлай бастады. Сәл есеңгіреп қалған «Ақтөбе» футболшылары тек ойынның 20-шы минутында алғашқы қауіпті соққысын жасады. Данило Неконың жерлете тепкен добы қақпа бағанасынан сәл ғана қиыс кетті. Алғашқы таймның аяқталуына бірер минуттар қалғанда Исаэл «Ақтөбе» қорғаушыларының қателігінен кейін соққы жасады, бірақ доп Покатиловтың қақпасынан қиыс кетті.

Екінші таймды алаң иелері қарқынды бастады. Шабуылға баса назар аудардан Владимир Вайсс шәкірттері бір сәтке қорғанысты ұмыт қалдырып еді, «Ақтөбе» ойыншылары гол соғып кетті. Данилоның 58-ші минутта жасаған жойқын соққысын Владимир Плотниковтың қайтаруға шамасы жетпеді. «Қайраттың» қарымта шабуылы голға айналуға жақын еді, алайда Покатилов шеберлігін көрсетіп, командасын голдан аман алып қалды. Бұдан кейін қос команда соққы алмасты. Виталий Лидің жоқйын соққысын Покатилов қайтара білсе, «Ақтөбе» ойыншысының тепкен добын Плотников қиындықпен болсын ұстай алды. Екінші таймның орта тұсы өте жоғары жылдамдықта өтті. Алаң иелерінің кезекті шабуылының бірінде Исаэл қақпашымен жеке дара шығар тұста Логвиненко ереже бұзып, төрешіден қызыл қағазбен «марапатталды».

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 2:1

Голдар: Исаэл, Гоу - Данило

«Қайрат»: Плотников, Соарес, Маркович, Бақаев, Исламхан, Барбоза, Гоу, Қуантаев, Ли, Қуат, Тимощук

«Ақтөбе»: Покатилов, Айоделе, Коробкин, Жулпа, Мирошниченко, Дмитриенко, Неко, Дьяк, Логвиненко (к), Сантана, Айымбетов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или